Ақпарат:

30 қазан 2025 885

Satbayev University-дегі KAZ Minerals қонақ дәрісі

Satbayev University-дегі KAZ Minerals қонақ дәрісі

Satbayev University-де KAZ Minerals компаниясының қонақ дәрістерінің алғашқы бөлігі өтті. Компания мамандары ірі өндірістік алаңдардағы жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, студенттерге арналған мансаптық мүмкіндіктер туралы айтты.

Алғашқы кездесуде Амир Датбаев сөз алып, «KAZ Minerals-тағы геология: барлау, өндіру және кен орындарының даму болашағы» тақырыбында дәріс оқыды. KAZ Minerals Bozshakol оқу бөлімінің үйлестірушісі Алимжан Тоилыбаев студенттерге тәжірибе бағдарламалары мен коммерциялық гранттар туралы баяндады.

Компанияның рекрутерлері Мариям Ушурова мен Жанель Рамазанова студенттердің тағылымдама мен бос жұмыс орындарына қатысты сұрақтарына жауап берді.

Егер сіз тәжірибеден өтуді немесе KAZ Minerals гранттық бағдарламасына қатысуды қаласаңыз, оқу бөлімінің үйлестірушісімен хабарласыңыз: Алимжан Тоилыбаев — +7 775 435 2392.

Ертең, 31 қазан күні, қонақ дәрістердің екінші бөлігі өтеді. Кездесу барысында өзекті тақырыптар талқыланады. Студенттер алдында келесі мамандар сөз сөйлейді:

  • Абзал Альчимбаев — «Әлемдік деңгейдегі өндірістік жабдықтар: сенімділік тәжірибесі және KAZ Minerals тәжірибесі»
  • Арнай Қыздарбеков — «Aktogay фабрикаларындағы энергетика және автоматтандыру»

және компанияның басқа да мамандары.

Өтетін орны мен уақыты: ГМК акт залы, сағат 10:00–12:00.

Қазақстандағы жетекші тау-кен компаниясының өкілдерімен тікелей тілдесіп, табысты мансапқа алғашқы қадамыңды жасау мүмкіндігін жіберіп алма!

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту