Ақпарат:

4 маусым 2025 386

Satbayev University оқытушылары Еуразия далалық белдеуіндегі қоныстану жүйелерін зерттеу жөніндегі халықаралық зертхананың ашылуына қатысты

Satbayev University оқытушылары Еуразия далалық белдеуіндегі қоныстану жүйелерін зерттеу жөніндегі халықаралық зертхананың ашылуына қатысты

Қытай Халық Республикасының Хух-Хото қаласында орналасқан Ішкі Моңғолия Технологиялық Университетінің сәулет кафедрасында Satbayev University оқытушыларының делегациясы Еуразия далалық белдеуіндегі қоныстану жүйелерін зерттеу жөніндегі халықаралық бірлескен зертхананың салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Профессор Чжан Пэнцзю бастамашы болған бұл ғылыми орталық Орталық және Солтүстік Азия елдерінің сәулетшілері мен зерттеушілерін тұрақты қоныстану, сәулет мұрасы, климаттық стратегиялар және адамның табиғи ортамен өзара әрекеттесуі салаларында бірлесіп жұмыс істеуге жұмылдыруды мақсат етеді.

Зертхана серіктестері қатарында – Мәскеу архитектура институты, Моңғолия ғылым және технология университеті, Ташкент архитектура-құрылыс университеті және Satbayev University бар. Ашылу салтанаты барысында осы жоғары оқу орындарының өкілдері зертхананы құру туралы келісімге қол қойып, ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа, бірлескен зерттеулер мен білім беру бастамаларын дамытуға дайын екендіктерін растады.

Satbayev University атынан іс-шараға сәулет кафедрасының оқытушылары Владимир Яскевич пен Ануар Қапанов қатысты.

Академиялық бағдарламаның аясында олар «Қазақстандағы тұрақты сәулет және қала құрылысы: Satbayev University тәжірибесі» атты дәріс оқыды. Онда олар климаттық және мәдени ерекшеліктерге бейімделген сәулет шешімдерін әзірлеу бойынша университеттің тәжірибесімен бөлісті.

Ресми бөлімнен кейін қатысушылар Ішкі Моңғолия Технологиялық Университетінің сәулет мұражайын аралап, далалық ландшафтқа табиғи түрде үйлескен өңірлік сәулет қағидаттарын көрсететін профессор Чжан жобаларымен танысты.

Университет басшылығы және сәулет факультетінің оқытушыларымен өткен кездесу барысында алдағы ынтымақтастықтың келешегі, соның ішінде академиялық алмасу мен бірлескен ғылыми зерттеулер мәселелері талқыланды.

Satbayev University зертхана жұмысына қатысуы қазақстандық сәулет мектебін халықаралық ғылыми кеңістікке біріктіру және Еуразия өңірінде тұрақты даму қағидаттарын ілгерілету үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Ішкі Моңғолия технологиялық университетінің сайтындағы

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту