Satbayev University оқытушылары инклюзивті білім беру курстарын өтті

Satbayev University инклюзивті білім беруді қолдау орталығы "Оқушылардың алуан түрлілігі: инклюзивті білім берудегі көпмәдениетті даму перспективалары" тақырыбында біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырды. Оқыту Автоматика және ақпараттық технологиялар институты дирекциясының оқытушылары мен қызметкерлерін біріктірді. Қатысушылар білім берудің ерекше қажеттіліктері бар студенттерді оқыту ерекшеліктерімен таныстырды және біліктілікті арттыру туралы ресми сертификаттар алды.
Курстың бағдарламасында мүмкүндіктері шектелген жандарды қабылдау және олармен қарым-қатынас құру ерекшеліктері, білім беру процесі мен пәндерді бейімдеу, қарым-қатынас этикасы, жастардың психикалық денсаулығы және білім беру ортасының қол жетімділігі мәселелері қарастырылды. Техникалық бағыттағы оқытушылар үшін нақты жағдайларға және практикалық ұсыныстарға ерекше назар аударылды.
"Курстар мүгедектігі бар адамдардың ерекшеліктерін түсінуге, оқу процесінде, білім беру бағдарламаларын бейімдеуде осы ерекшеліктерді ескеруге көмектеседі. Ерекше қажеттіліктері бар студенттер жиі оқуға түсетін IT институтының оқытушылары курстың алғашқы қатысушылары атынды", - Инклюзивті білім беруді қолдау орталығының басшысы Диляра Урманова атап өтті.
Курстар Satbayev University академиялық ортасына инклюзивтілік қағидаттарын интеграциялау бойынша жүйелі жұмыстың кезекті кезеңі болды және келешекте университеттің басқа бөлімшелері үшін де өткізілетін болады.