Ақпарат:

21 қаңтар 2026 668

Satbayev University студенттері атаулы стипендия иегерлері атанды

Satbayev University студенттері атаулы стипендия иегерлері  атанды

Қазақстандық кәсіпкер Айдар Асаубаев атаулы стипендия тағайындады. Бұл стипендия өңірлерден шыққан талапкерлер мен әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасылардан шыққан жастарға сапалы білім алуға тең мүмкіндік береді. Алты студенттің бір жылдық оқу ақысы толықтай төленді. Тағы төрт студент бір жыл бойы ай сайын атаулы стипендия алып отырады. Аталған бастама тау-кен, инженерлік және өзге де техникалық мамандықтар бойынша білім алып жүрген дарынды студенттерді қолдауға бағытталған.

Кәсіпкер Айдар Асаубаев: «Өзім де Satbayev University-ді, ол кезде Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ деп аталатын, 2000 жылы бітірдім. Бұл оқу орнында әкем мен ағам да оқыған. Отбасы дәстүрін жалғастыра отырып, тау-кен металлургиясы мен алтын өндіру саласында жұмыс істедім. Қазақстанның инженерлер мектебінің дамуына үлес қосу және сапалы техникалық білім алуға ұмтылған жастарды қолдауды азаматтық борышым деп есептеймін. Мен үшін аз қамтылған отбасынан шыққан студенттерге көмектесу ғана емес, жалпы техникалық мамандықтардың беделін арттыру маңызды. Стипендия тағайындау – еліміздің технологиялық дамуына жауапты жас мамандардың болашағына салынған инвестиция», – деп атап өтті.

Стипендия бағдарламасына академиялық үлгерімі өте жақсы, көшбасшы қасиеттері бар кез келген студент қатыса алады.

Satbayev University ректоры Мейрам Бегентаев: «Біздің түлегіміз Айдар
Асаубаевтың бұл бастамасы – бизнес пен университет арасындағы табысты
серіктестіктің жарқын үлгісі. Әлеуметтік осал топтардан шыққан дарынды
студенттерді қолдау олардың кәсіби тұрғыда қалыптасуына нақты мүмкіндіктер
ашады және еліміздің тау-кен өнеркәсібі үшін инженерлер, металлургтер мен
геологтар даярлау ісінде кадрлық әлеует қалыптастыруға көмектеседі», – деп пікір
білдірді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту