Ақпарат:

8 тамыз 2025 418

Satbayev University жаңа CityU филиалының студенттерін – елдің интеллектуалды элитасын құттықтайды!

Satbayev University жаңа CityU филиалының студенттерін – елдің интеллектуалды элитасын құттықтайды!

Satbayev University дарынды әрі мақсатшыл жастар үшін тартылыс орталығы екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі жариялаған мемлекеттік грант иегерлерінің ресми тізімі айғақтайды.

Satbayev University базасында ашылған City University of Hong Kong филиалына оқуға түскен студенттер шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарына қабылданған талапкерлер арасында ҰБТ-дан ең жоғары балл жинады.

Мәселен, Civil Engineering бағдарламасына өту балы – 133, ал ең жоғарғы нәтиже – 140 баллдың 138-і. Material Science бағыты бойынша шекті балл – 112, үздіктер – 119 балл жинады. Ең көп сұранысқа ие Computer Science бағдарламасына өту балы – 105, ал үздік нәтиже – 137 балл.

CityU мен Satbayev University-дің жоғары академиялық беделі және ағылшын тілінде білім беру форматы бұл филиалға деген қызығушылықты арттырып отыр. Тек Қазақстан жастары емес, сонымен қатар Үндістан, ҚХР және ТМД елдерінен келген студенттер де аталған білім ошағын таңдап, Satbayev University-ді инженерлік-техникалық білім берудің Орталық Азиядағы хабына айналдырып келеді.

Біз студенттерімізбен мақтанамыз және олар үшін халықаралық білімге жол ашуға қуаныштымыз. Алда – қызықты бағдарлама, ғылыми ізденістер мен ұмытылмас сапарлар.

Қош келдіңіздер, Satbayev University – CityU филиалына!

Ақпараттық технологиялар

  • Бектенбергенова Дильназ Каиржановна
  • Айтбаева Айгерим Сериковна
  • Қарсақбаев Медет Бахытұлы
  • Файзоллаев Алимжан Нуржанович
  • Мұхамедьяр Исмаил Қасымұлы
  • Еркін Ермұхамед Ержанұлы
  • Сахиев Санжар Маратович
  • Ахметов Жангир Батыржанұлы
  • Жаксыгалиева Дарига Талгатовна
  • Прилепин Владислав Степанович
  • Бахытжанов Нуржан Максатович
  • Бекетов Динмухамед Давлетович
  • Нұрділә Ділман Ерланұлы
  • Адил Адилет Сайлауович
  • Максим Әділет Ерболұлы
  • Ержан Нұрай Жанатқызы
  • Баймышев Аманхан Маратұлы
  • Шам Камила Рустемовна.
  • Куанышкалиев Асет Каленович
  • Жунусов Ескендир Ерикович

Материалтану және технологиялар

  • Хо Эдуард Дмитриевич
  • Мұратбекұлы Жантай
  • Арысбекова Аянат Айдаровна
  • Садуақас Жәнібек Ержанұлы
  • Мұрат Мансур Мухтарұлы

Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс

  • Серікғали Дәулет Айдынұлы
  • Урбаева Дилназ Сулейменовна
  • Уалихан Аруана Жанболатқызы
  • Алимбаева Амина Аскаровна
  • Исенгуженов Данияр Асқарұлы
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту