Ақпарат:

5 қараша 2025 1534

Satbayev University және University of Exeter қос дипломды бағдарлама ашу туралы келісімге қол қойды

Satbayev University және University of Exeter қос дипломды бағдарлама ашу туралы келісімге қол қойды

2025 жылғы 30–31 қазан аралығында Астана қаласында Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың қатысуымен өткен «Қазақстан – академиялық білім орталығы» атты Халықаралық стратегиялық серіктестер форумының аясында Satbayev University және Ұлыбританияның University of Exeter жоғары оқу орындары арасында қос дипломды бағдарлама ашу туралы келісімге қол қойылды. Келісімге қол қою рәсімі Тәуелсіздік сарайында өтті.

Келісім аясында келесі үш бағыт бойынша қос дипломды магистрлік бағдарламалар іске қосылады:

  • MSc Minerals Processing
  • MSc Applied Data Science (Environment and Sustainability)
  • MSc Business Analytics

Аталған келісім студенттерге екі жетекші жоғары оқу орны - Satbayev University және University of Exeter - дипломдарын бір уақытта алу мүмкіндігін береді, сондай-ақ халықаралық академиялық ресурстарға, заманауи білім беру әдістемелеріне және жаһандық ғылыми инфрақұрылымға қолжетімділікті кеңейтеді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту