Сәулетшілер кездесу аясында Satbayev University де 2025 жылы биониканы сәулет өнеріне енгізу тарихы мен практикасы туралы алғашқы дәріс өтті

«Сәулет» кафедрасында белгілі кәсіпкер, ғалым және дизайнер Сергазы Нарыновтың қатысуымен қызықты дәріс өтті.
Дәріс архитектурадағы бионика тақырыбына, оның тарихи аспектілері мен заманауи тәсілдеріне арналды. Сергазы Нарынов бионикалық формаларды қолданудың әлемдік мысалдарымен бөлісіп, осы инновациялық саладағы өз көзқарасын ұсынды және бионикалық конструкцияларды өндірудің авторлық әдістері туралы айтып берді.
Дәрісте ғылыми жобалардың архитектурада қалай жүзеге асырылатыны және олардың коммерцияландырылу мүмкіндіктері ерекше атап өтілді. Бұл тәсіл зерттеу университетінің студенттері үшін өте маңызды, өйткені ол ғылыми білімді кәсіби қызметте қолданудың нақты перспективаларын көрсетеді.
Студенттер мен оқытушылар лектордың бірегей тәжірибесіне үлкен қызығушылық танытты. Дәріс сұрақ-жауаппен аяқталып, тақырыптың өзектілігі мен маңыздылығын айқындады.
Мұндай кездесулер кәсіби ой-өрісті кеңейтуге, архитектуралық тәжірибеге жаңа идеяларды енгізуге және қазіргі заманғы архитектурадағы ғылыми зерттеулердің маңыздылығын көрсетуге ықпал етеді.