Ақпарат:

22 мамыр 2025 1407

Технологиялар игілік үшін: Сәтбаев университетінде «TOM: Kazakhstan-2025» әлеуметтік мейкатон финалы өтеді

Технологиялар игілік үшін: Сәтбаев университетінде «TOM: Kazakhstan-2025» әлеуметтік мейкатон финалы өтеді

Сіздерді 26 мамыр күні Сәтбаев университетінде өтетін «TOM: Kazakhstan- 2025» бірегей әлеуметтік хакатоны финалына шақырамыз. Бұл – мүгедектігі бар жандардың өмірі мен тұрмысын жеңілдететін және олардың оңалуына көмектесетін прототиптерді студенттер, оқытушылар мен мамандар 72 сағат бойы жарыса жасайтын марафон. Мейкатон форматы қатысушыларға мүмкіндігі шектеулі жандардың қажеттіліктерін жақсырақ түсініп, тиімді шешімдер ұсыну үшін олармен тікелей араласуға мүмкіндік береді. Бұл игілікті іс-шара өнертапқыштарды, инженерлерді, мамандарды және мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірін өзгерте алатын технологияларды әзірлеуге дайын отырған қарапайым қамқоршы адамдарды біріктіреді.

Жарыстың екінші кезеңінде Алматы мен Шымкенттен келген жеті команда мына төмендегі жобалар бойынша жұмыс істейді:

  • ДЦП ауруы бар баланы оңалтуға арналған құралдарды жетілдіру.
  • Вертикализаторды жаңарту.
  • Тірек-қимыл аппаратын нығайту үшін геймификация элементтері бар велотренажер.
  • Жүруге бейімдегіш құралдар.
  • ДЦП ауруы бар балаларды оңалтуға арналған жүргізу құралдары.
  • Оңалту орталығына арналған мүгедектер арбасының функциялары бар бейімдегіш орындық.
  • ДЦП ауруы бар баланы оңалтуға арналған интерактивті жүргізу құралы.

«TOM: Almaty» жобасы тек технологиялар туралы ғана емес, сонымен қатар ол адамгершілік, шығармашылық пен бірлескен күш-жігер туралы. Бұл – білім мен тәжірибе және көмек беруге дайын шынайы ниет үйлесім тапқан кезде әлемді жақсы жаққа өзгерте алатынының нақты мысалы.

Жобаны «Әлеуметтік технологияларды дамыту қауымдастығы» заңды тұлғалар ұйымы мен Сәтбаев университеті, сондай-ақ Eurasian Resources Group (ERG) тобының қолдауымен Dos Ortopedia және «Ерекше балалардың ата-аналары одағы» республикалық ұйымы бірлесе отырып ұйымдастырды.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту