Ақпарат:

9 сәуір 2025 1124

Үміт Шаяхметова студенттер мен оқытушыларға заманауи технологиялардың қиындығы мен сын-қатерлері туралы айтып берді

Үміт Шаяхметова студенттер мен оқытушыларға заманауи технологиялардың қиындығы мен сын-қатерлері туралы айтып берді

Halyk Bank төрайымы Үміт Шаяхметова Сәтбаев университетінің студенттерімен және ғалымдарымен кездесу өткізді.

Елдің белгілі қаржыгері пайымдауларының тақырыбы – жасанды интеллекттің әсері, ақпараттық қауіпсіздік, болашақтың мамандықтары, жаңа технологиялар және болып жатқан жаһандық өзгерістер болды.

«Қазір бүкіл әлемде жаңа төңкеріс жүріп жатыр, өзгерістер тек банк саласын ғана емес, бүкіл экономикаға тұтастай әсер етуде. Жасанды интеллект этикасы мен үлкен деректер саласындағы құзыреттер алдыңғы қатарға шығуда. Бүгінде бизнесте, елдердің дамуында тектоникалық өзгерістер орын алуда, сондықтан да біз жаңа сын-қатерлерге дайын болуымыз керек», – деп атап өтті Үміт Шаяхметова.

Студенттер, оқытушылар мен ғалымдар дәріс залына лық толды, олар банк саласы көшбасшысының сөзіне қызығушылық танытып, мұқият тыңдады.

Сәтбаев университеті – кәсіби мамандардың жаңа буынын қалыптастыру мақсатында академиялық қоғамдастық пен жетекші бизнес өкілдері арасындағы диалог үшін ашық алаң болып табылады.

Үміт Шаяхметова студенттер мен оқытушыларға заманауи технологиялардың қиындығы мен сын-қатерлері туралы айтып берді

Үміт Шаяхметова студенттер мен оқытушыларға заманауи технологиялардың қиындығы мен сын-қатерлері туралы айтып берді

Тэги: SU Talks
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту