Ақпарат:

9 сәуір 2025 1119

Жас ғалым Елриза Есжан Ғылым күніне орай геополимерлер планетаны қалай құтқара алатыны туралы айтты

Жас ғалым Елриза Есжан Ғылым күніне орай геополимерлер планетаны қалай құтқара алатыны туралы айтты

Сәтбаев университеті Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ғалымдары Ғылым күніне орай ұйымдастырған «Ғылымға қадам» атты челленджге қолдау көрсетті. Челленджге қатысушылардың бірі – Ө.А. Байқоңыров атындағы Тау-кен металлургия институтының 1-курс докторанты Елриза Есжан ғылым оның өміріне қалай енгені туралы өз оқиғасын баяндап берді.

Елриза ғылым жолы оның бала кезінен басталғанын айтты. Оның ғылыми мамандықты таңдауына ата-анасы себепкер болыпты – анасы химик, әкесі инженер. Олардың жұмысы мен оған жіберген күш-жігерін бақылай отырып, ол химия бүкіл әлемді өзгерте алатынын түсінген, сондықтан да ғылым жолын таңдау – ол үшін ең жақсы таңдау болды. Оның жеке ғылыми жобасы тау-кен және металлургиялық қалдықтардан геополимерлер әзірлеу жөнінде, әрі инновациялық шешімдер жаһандық экологиялық мәселелерді шешуге көмектесетінінің жарқын мысалы болып табылады.

«Геополимерлердің синтезі көмірқышқыл газының шығарындыларын 70 %-ға азайтуға көмектеседі, бұл кәдімгі цемент шығарындыларынан әлдеқайда аз. Қазіргі жаһандық экологиялық дағдарыс жағдайында бұл өте маңызды», – деп атап өтті Елриза.

Сондай-ақ ол Қазақстан Республикасының Президенті мен Ғылым және жоғары білім министрлігіне жас ғалымдарға қолдау көрсетіп отырғаны үшін алғыс білдірді, бұл оларды бар күшімен жұмыс істеуге ынталандырады. Ғылым жай ғана кәсіп емес, ол әлемді болашақ ұрпақ үшін жақсы жаққа өзгерту мүмкіндігі екенін оның сөздері дәлелдейді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту