Ақпарат:

6 қазан 2025 242

Жоғары білім беру қызметкерлері күніне орай Сәтбаев университетінде FOTIMA зертханасы ашылды

Жоғары білім беру қызметкерлері күніне орай Сәтбаев университетінде FOTIMA зертханасы ашылды

Жоғары білім беру қызметкерлері күні мен ҚХР құрылған күніне орай Сәтбаев университетінде сенсорлық технологияларға арналған жаңа FOTIMA зертханасының салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті. Бұл жоба қытайлық әріптестермен өзара стратегиялық серіктестіктің нәтижесі болып табылады және оқытушылар мен ғалымдардың кәсіби мерекесімен тұспа-тұс келіп, еліміздің тұрақты дамуы жолында білім мен ғылымның маңызды рөлін айқындай түсті.

Болашақтың зертханасы

Жаңа FOTIMA зертханасы – энергетика, экология, машина жасау, өнеркәсіп және «ақылды қалалар» салаларында сұранысқа ие болып отырған сенсорлық технологиялар бойынша зерттеулер мен әзірлемелер жасауға арналған заманауи ғылыми орталық болмақ. Мұнда студенттер мен жас зерттеушілер XXI ғасырдың сын-қатерлеріне тікелей жауап беретін қолданбалы жобалармен айналысатын болады.

«Бүгінде энергетика мен өнеркәсіп жаһандық сын-қатерлермен бетпе-бет келіп отыр – бұл жаңартылатын энергия көздеріне көшу, көміртегі ізін азайту және энергия тиімділігін арттыру қажеттілігі. Бұл мәселелерді тек инновациялар мен жаңа буын инженерлерді тәрбиелеу арқылы ғана шешуге болады. FOTIMA зертханасы – болашақтың технологияларын жасай алатын мамандарды даярлауға қосқан біздің үлесіміз», – деді Сәтбаев университетінің ғылым және корпоративтік даму жөніндегі проректоры Е.И. Көлдеев мырза.

Университет пен еліміз үшін маңыздылығы

Зертхананың ашылуы Сәтбаев университетінің QS Sustainability Rankings рейтингісіндегі позициясын нығайтып, оны Орталық Азиядағы жетекші ЖОО ретінде танытады. Бұл университеттің тұрақты даму және ESG салаларында әлемге нақты қолданбалы шешімдер ұсынуға дайын екенін дәлелдейді.

Жоба Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) жөніндегі Жобалық кеңсенің, Сәтбаев университеті «Энергетика» кафедрасының, қытайлық серіктестердің және студенттер қауымдастығының белсенді қатысуымен жүзеге асып отыр.

Символдық сәйкестік

Зертхананы Жоғары білім беру қызметкерлері күнімен тұспа-тұс етіп ашу университеттің ерекше миссиясын айқындайды: Сәтбаев университеті оқытушылар мен ғалымдарға құрмет көрсете отырып, кадрларды даярлауда, инновациялар жасау мен халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайту жолында жаңа қадам жасауда.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту