Жұмыс осындан басталады: Сәтбаев университетінің студенттері жұмыс берушілермен кездесті
Satbayev University-де еліміздің жетекші технологиялық компанияларының басын қосқан «SU–2026 Бос орындар жәрмеңкесі» өтті. Шараға KAZ Minerals, Қазақстан Халық Банкі, Halliburton Kazakhstan, Karachaganak Petroleum Operating B.V. консорциумы және басқа да ірі кәсіпорындар қатысты. Жәрмеңке студенттерді мансаптық мүмкіндіктермен таныстырып, әлеуетті жұмыс берушілермен тікелей байланыс орнату үшін тиімді алаңға айналды.
Қатысушыларды құттықтап сөз сөйлеген Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Сауле Шерубай мұндай бастамалар білім мен ғылымды және өндірісті ықпалдастыруда өте маңызды екенін атап өтіп, студенттердің кәсіби деңгейде дамуына жағдай жасау үшін қажетті екенін де баса айтты.
Жәрмеңке барысында компаниялар өз стендтерін іліп, қызметтері, корпоративтік мәдениеті және бос жұмыс орындары туралы ақпарат берді. Студенттер жұмыс берушілермен белсенді түрде қарым-қатынас жасап, кандидаттарға қойылатын талаптар мен мансаптық мүмкіндіктер туралы білді, сондай-ақ жұмыс берушілермен сұхбат өткізді.
Қатысушылар іс-шараға риза болып, оң баға берді. Студенттер өздеріне пайдалы байланыстар орнатып, еңбек нарығы туралы тәжірибелік түсінікке ие болды, ал жұмыс берушілер болашағынан зор үміт күттіретін мамандармен танысуға мүмкіндік алды. SU–2026 жәрмеңкесі Сәтбаев университетінің білім беру қызметі мен бизнес арасындағы өзара іс-әрекеттің негізгі алаңы ретіндегі рөлін тағы бір мәрте дәлелдеп, Қазақстанның кадрлық әлеуетін дамытуға ықпал етіп отырғанын көрсетті.



