Ақпарат:

5 мамыр 2026 209

Cәтбаев университетінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект академиясы құрылды

Cәтбаев университетінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект академиясы құрылды

Cәтбаев университетінде ADT&AI – Цифрлық технологиялар және жасанды интеллект академиясы (Academy of Digital Technologies & Artificial Intelligence) өз жұмысын бастады. Жаңа орталық жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды жаңа буын мамандарын даярлау ісіне енгізумен, университеттің ішкі жүйелерін жетілдірумен және корпоративтік секторға арналған цифрлық шешімдер әзірлеумен айналысады.

ADT&AI заманауи онлайн-курстарды дамытып, техникалық білімді кез келген аймақтағы студентке қолжетімді етуде. Сонымен қатар Академия қазақстандық кәсіпорын қызметкерлеріне арналған біліктілікті арттыру бағдарламаларын іске қосып, бизнеске цифрлық технологияларды жұмыс үдерістеріне енгізуге қолдау көрсетеді. Академияның деректерді өңдеу орталығы негізінде жасанды интеллектке негізделген цифрлық сервистер мен шешімдер әзірленуде.

Академия жұмысында Жасанды интеллект зертханасының орны ерекше. Зертхана білім беру және корпоративтік өнімдерге интеллектуалды алгоритмдерді енгізумен айналысады.

«Біз жай ғана білім беру платформасын емес, білім, инфрақұрылым және жасанды интеллект өзара байланысқан заманауи технологиялық орта қалыптастырып жатырмыз. Басты мақсатымыз – студенттер мен серіктестерге цифрлық экономикада жұмыс істеуге және дамуға қажетті нақты құралдар ұсыну», – деді Жасанды интеллект зертханасының жоба жетекшісі әрі бизнес-талдаушысы Наталья Кудрявцева.

Academy of Digital Technologies & Artificial Intelligence Қазақстанда жасанды интеллектті дамытуға бағытталған AI-Sana ұлттық бағдарламасы аясында құрылды. Бұл – студенттердің ІІ саласындағы дағдыларын дамытуға, стартаптарды қолдауға және жаңа технологиялық орта қалыптастыруға арналған ауқымды мемлекеттік бастама. Бағдарлама Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының, соның ішінде Cәтбаев университеті қолдауымен жүзеге асырылуда.

Ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Қуанышбек Есекеев пен Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Асқар Жұмаділдаев қатысты. Олар Satbayev University-дің инновациялық инфрақұрылымымен танысып, жаңа Академия аясында жүзеге асып жатқан жасанды интеллект жобаларына жоғары баға берді.

Әлемнің жетекші университеттерінің тәжірибесіне сүйене отырып, Cәтбаев университеті Қазақстан экономикасына қажет қолданбалы ІІ-шешімдерді дамытуға және технологиялық кәсіпкерлікті қолдауға басымдық береді. Академия студенттік стартаптарды дамытуға, халықаралық сарапшылармен бірлесіп жұмыс істеуге және әлемдік цифрлық технологиялар нарығына бағытталған жобаларды қолдауға ерекше мән береді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту