Денсаулық сақтау саласының цифрлық трансформациясы: «FreeDoc» жобасы
Қазақстанда денсаулық сақтау саласында инновациялық IT-жоба – медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған «FreeDoc» цифрлық платформасы әзірленуде. Жобаны «MedLink» Адлет Касымбековтың жетекшілігімен жүзеге асыруда және ол белсенді даму кезеңінде.
«FreeDoc» пациенттерді, дәрігерлерді және медициналық мекемелерді біріктіретін бірыңғай цифрлық экожүйе болып табылады. Платформа пайдаланушыларға мамандарды әртүрлі критерийлер бойынша, соның ішінде біліктілігі, тәжірибесі және рейтингі арқылы іздеуге, сондай-ақ онлайн қабылдауға жазылуға мүмкіндік береді. Қызмет веб-нұсқада да, мобильді қосымша форматында да қолжетімді болады.
Негізгі шешімдердің бірі – пациенттің денсаулық жағдайы туралы деректерді нақты уақыт режимінде сақтауға және жаңартуға мүмкіндік беретін цифрлық медициналық картаны енгізу. Сонымен қатар жүйеде дәрігерге жоспарлы бару туралы автоматты ескертулер қарастырылған.
Жоба медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға және пациенттерге қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған. Процестерді цифрландырудың арқасында пайдаланушылар уақытты үнемдеп, қажетті маманды жылдам тауып, өз денсаулығы туралы толық ақпаратқа қол жеткізе алады.
Болашақта «FreeDoc» Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы цифрлық экожүйесінің маңызды бөлігіне айналып, саланың дамуына, халықтың сенімін арттыруға және заманауи технологиялық шешімдерді енгізуге ықпал етеді деп күтілуде.



