Идеялардан нәтижелерге қарай: Сәтбаев университетінде жас ғалымдардың бағыт-бағдары айқындалды
Сәтбаев университетінің ректоры Мейрам Бегентаев пен ғылым және корпоративтік даму жөніндегі проректор Ержан Күлдеев университеттің ғалымдарымен, институт директорларымен, диссертациялық кеңестің төрағаларымен, кафедра меңгерушілерімен және докторанттарымен кездесіп, ғылыми қызмет пен докторлық диссертацияларды қорғаудың өзекті мәселелерін талқылады.
Жиынды ашқан ректор Мейрам Бегентаев өз сөзінде ғылыми қызмет университеттің қозғаушы күші болуы тиіс екенін атап өтті. Ол құнды ғылыми нәтижелер жасап, оларды экономика салалары бойынша нақты инновацияларға айналдыра алатын зерттеушілер мен инженерлердің жаңа буынын қалыптастыру мен тәрбиелеу де өте маңызды екенін ерекше атап өтті. Ректордың айтуынша, университет пен тұтас ел үшін формальды көрсеткіштер маңызды емес, керісінше, өлшенетін әрі мәні зор ғылыми нәтижелер аса маңызды. Олар ғылымға деген сенімді қалыптастырады және оның Қазақстан экономикасын дамытуға қосатын нақты үлесін айқындайды.
Жиында проректор Ержан Көлдеев баяндама жасап, университеттің ғылыми саясатының басым бағыттарын, жарияланымдық белсенділікке қойылатын талаптарды және академиялық адалдық қағидаттарын белгілеп берді. Оған Ғылыми жобаларды сүйемелдеу және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің директоры Жанар Жұмадилова қосылып, диссертациялық жұмыстарды дайындау және қорғау бойынша нормативтік талаптарды, ғылыми жетекшілерді таңдау критерийлерін, сондай-ақ шетелде ғылыми тағылымдамадан өту тәртібін жан-жақты түсіндірді.
Кездесу соңында сұрақ-жауап сессиясы өтті. Өзара әңгіме барысында жас ғалымдардың бастамашылдық қабілеттері мен жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын тұратындығы жастардың идеяларын университет үшін, экономиканың қажетті салалары үшін және тұтас ел үшін сұранысқа ие, маңызы зор нәтижелерге айналдырудың негізгі тетігі екені атап өтілді.



