Ақпарат:

17 сәуір 2025 1230

«Samruk Innovation Hub»: Студенттер мен жас ғалымдар болашақ индустриясына қалай қадам баса алады?

«Samruk Innovation Hub»: Студенттер мен жас ғалымдар болашақ индустриясына қалай қадам баса алады?

2025 жылғы 8 сәуір күні Satbayev University-дің Бас оқу ғимаратында (343-аудитория, БОҒ) «Samruk Innovation Hub» бастамасы аясында инновациялық шешімдерді әзірлеу және енгізу бойынша жарияланған байқауға арналған ақпараттық семинар өтті.

Іс-шараны Satbayev University жанындағы Коммерцияландыру және шарттық зерттеулер офисі (КШЗО) мен «Самгау» ғылыми-техникалық ақпарат орталығы (ҒТАО «Самгау») ұйымдастырды. Семинарға «Самұрық-Қазына» АҚ-ның портфельдік компаниялары – «KEGOC» АҚ, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ қолдау көрсетті.

Байқаудың басты мақсаты – Satbayev University-дің жас ғалымдары, жоғары курс студенттері, магистранттары мен докторанттарын еліміздің жетекші ұлттық компанияларының өзекті технологиялық міндеттерін шешуге тарту. Бұл – ғылыми білімді нақты тәжірибеде қолдануға және Қазақстанның маңызды салаларының дамуына үлес қосуға арналған бірегей мүмкіндік.

Семинар барысында «Самгау» ҒТАО мен тапсырыс беруші компаниялардың өкілдері Қазақстанның өнеркәсіптік алыптарының алдында тұрған технологиялық сын-қатерлер туралы, сондай-ақ байқауға қатысу талаптары жөнінде жан-жақты мәлімет берді.

Бұл семинар – университет пен өндірістік кәсіпорындар арасындағы болашақ серіктестіктің негізін қалаған алғашқы таныстырылымдық кездесу болды. Шақырылған қонақтардың қатарында – инновациялық және қолданбалы зерттеулермен белсенді айналысып жүрген оқытушылар, ғылыми жетекшілер мен қызметкерлер болды.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту