Ақпарат:

3 сәуір 2025 1149

Сәтбаев университеті Алматыда француз тілі мен халықаралық ынтымақтастық орталығына айналатын жаңа орталық ашады

Сәтбаев университеті Алматыда француз тілі мен халықаралық ынтымақтастық орталығына айналатын жаңа орталық ашады

Сәтбаев университетінің ректоры Мейрама Бегентаев Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиоге бастаған француз өкілдерімен кездесу өткізді. Екі жақ тараптар Сәтбаев университеті мен Франция университеттері арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынастың келешегі туралы талқылады. Әңгіменің басты тақырыбы – университет базасында Француз орталығын ашу болды, болашақта ол тіл үйрену, мәдени алмасу және бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу алаңына айналатын болады.

Мұндай орталық француз мәдениетін зерделеуге қызығушылық танытатын барлық алматылықтар үшін тартымды орталық болады деп атап өтті Сәтбаев университетінің ректоры Мейрам Бегентаев:

– Біз студенттеріміздің француз тілін жетік меңгергенін қалаймыз, өйткені бұл ғылым мен технологияның және бизнестің тілі. Университет кампусында біз Франция атмосферасын құрғымыз келеді, француз музыкасы ойнап тұратын француз кафесін ашқымыз келеді, ал қос дипломдық бағдарламаға қатысатын студенттер университетте алғашқы күннен бастап-ақ француз тілін үйренетін болады.

Кездесуге университеттің халықаралық ынтымақтастық және стратегиялық даму жөніндегі бірінші проректоры Самғат Ермекбаев, сондай-ақ Францияның Алматыдағы Бас консулы Фабрис Невё және білім саласы бойынша халықаралық сарапшы Агнес Буссе қатысты, ол Қазақстан мен Франция арасындағы академиялық байланысты дамыту жөнінде Сәтбаев университетімен ұзақ уақыттан бері жұмыс істеп келе жатыр.

Кездесу барысында Францияның Қазақстандағы Елшісі Сильван Гиоге француз университеттері мен компаниялары Қазақстанмен ынтымақтастық қарым-қатынас жасауға көптен бері қызығушылық танытып келе жатқанын атап өтті. Ол француз тілін білу студенттер үшін жаңа мансапқа жол ашатынын ерекше атап өтті, әсіресе француз кәсіпорындарының Қазақстандағы инфрақұрылымдық және энергетикалық жобаларды дамытуға белсенді қатысуына байланысты бұған қол жеткізуге болады.

Сонымен қатар гидрогеология және атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықты талқылау ерекше қызығушылық тудырды. Қазақстанда жер асты суларының қомақты қоры бар, ал француз мамандарымен тәжірибе алмасу суды тазарту және экология саласында озық технологияларды енгізуге көмектеседі. Университет тұрақты даму саласында жұмыс істеуге және жаңа білім алғысы келетін еріктілерді қабылдауға дайын.

Орталықтың ашылуы 2025 жылдың қыркүйек айына жоспарланып отыр, ал оның іске қосылуы қазақ-француз білім беру және ғылыми байланыстарын нығайтуда маңызды қадам болмақ. Сондай-ақ жетекші француз мамандарының қатысуымен жазғы инженерлік мектепті іске қосу, академиялық ұтқырлық бағдарламаларын және технологиялар трансфертін дамыту жоспарлануда.

Сәтбаев университеті Алматыда француз тілі мен халықаралық ынтымақтастық орталығына айналатын жаңа орталық ашады

Сәтбаев университеті Алматыда француз тілі мен халықаралық ынтымақтастық орталығына айналатын жаңа орталық ашады

Сәтбаев университеті Алматыда француз тілі мен халықаралық ынтымақтастық орталығына айналатын жаңа орталық ашады

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту