Ақпарат:

5 ақпан 2026 124

Сәтбаев университеті Исламабадтың Ұлттық ғылым және технологиялар университетінде Қаныш Сәтбаев орталығын ашты

Сәтбаев университеті Исламабадтың Ұлттық ғылым және технологиялар университетінде Қаныш Сәтбаев орталығын ашты

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Пәкістанға жасаған ресми сапары аясында осы елдің астанасы Исламабад қаласындағы Ұлттық ғылым және технологиялар университетінің (NUST) базасында Қаныш Сәтбаев атындағы Ғылыми-білім беру орталығы салтанатты түрде ашылды. Жаңа орталық өзара бірлескен ғылыми және білім беру жобаларын дамытуға, студенттермен және оқытушылармен алмасуға, сондай-ақ қазақстандық ғылымды халықаралық деңгейде насихаттауға арналған алаңға айналады.

Орталықтың ашылу рәсіміне ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Пәкістанның ғылым және технологиялар жөніндегі федералды министрі Халид Хусейн Магси жетекшілік етті. Жиынға сондай-ақ осы өңірдегі жетекші техникалық университеттердің ректорлары – Қазақстаннан Сәтбаев университетінің ректоры Мейрам Бегентаев пен Пәкістаннан NUST ректоры Мұхаммад Захид Латиф қатысты.

«Нетворкинг біз үшін тамаша мүмкіндіктер ашып отыр. Біздің студенттеріміз практикадан өту үшін, оқу үшін осында келе алады, ал Пәкістан студенттері бізге келуге мүмкіндік алады. Сондай-ақ өзара профессорларды алмастыруға және бірлескен жобаларды іске асыруға деген қызығушылық та өте жоғары», – деді Сәтбаев университетінің ректоры Мейрам Бегентаев.

Жаңа Сәтбаев орталығы (Satbayev Center) Қазақстан мен Пәкістан арасындағы экономикалық, академиялық, ғылыми және мәдени байланыстарды тереңдетуге бағытталған кең ауқымды ынтымақтастық бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. Бұл бастама академиялық диалогты кеңейтіп қана қоймай, жаңа технологиялар мен инженерия саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға да ықпал етеді деп күтілуде.

Орталық көрнекті қазақстандық геолог, Қазақстан Ғылым академиясының тұңғыш президенті, ірі-ірі мыс кен орындарын ашқан ғалым Қаныш Сәтбаевтың өмірі мен ғылыми мұрасына арналды. Академиктің «Ғылым барлығына қолжетімді болуы тиіс» деген ұстанымы жаңа орталық философиясының негізіне айналды: мұнда техникалық пәндермен қатар қазақ тілі мен мәдениеті де оқытылатын болады.

Жаңа орталықтың бірегейлігі оның форматы мен оқытудың заманауи тәсілінде жатыр. NUST базасында құрылған Satbayev Center – идеялармен алмасу үшін, оларды халықаралық ғылыми жобаларға айналдыра алатын бірлескен жұмыстарды жүргізуге арналған жанды кеңістік болып табылады. PolytechOnline платформасы мен озық инженерлік курстар студенттер үшін әрқашан қолжетімді, ал зерттеушілер жасанды интеллект, тау-кен ісі және металлургия бағыттары бойынша семинарлар өткізе алады.

Алдағы уақытта орталық халықаралық инновациялық ынтымақтастықтың академиялық және мәдени хабына, әрі таланттарды өзіне тартатын «тартым нүктесіне» айналады. Орталықтың қызметі Бірлескен үйлестіру комитеті арқылы басқарылып, екі елдің ғалымдары мен студенттері арасындағы өзара тұрақты байланысты қамтамасыз етеді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту