Сәтбаев университеті мен Қытайдың Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ғылыми-зерттеу академиясы болашақ серіктестік туралы талқылады

Сәтбаев университетінің делегациясы Қытайдың Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ғылыми-зерттеу академиясы өкілдерімен кездесу барысында талқыланған басты тақырып – экологиялық тұрақты технологияларды дамыту болды. Пекиндегі академияда өткен келіссөздер қоршаған ортаны бақылау, суды тазарту, ауаның ластануын бақылау және қоршаған ортаны бақылаудың заманауи технологиялары саласындағы ынтымақтастықтың жаңа перспективаларын ашты.
Сәтбаев университеті тұрақты даму мақсаттарының қағидаттарына, сондай-ақ Қазақстанның дамуында өзекті болып саналатын су және экологиялық қауіпсіздік саласы мәселелеріне ерекше назар аударады, ал қазір су мен ауаны тазартудың инновациялық технологияларын құруға, сонымен қатар су айдындарының экожүйесін қалпына келтіруге ерекше қызығушылық танытып отыр. Сондықтан кездесу барысында суды көміртекті тазарту әдістеріне, ауаның ластануын бақылау және өнеркәсіптік шығарындыларды азайту саласындағы әзірлемелерді талқылауға көп көңіл бөлінді.
Екі жақ тараптар ғылыми байланыстарды нығайтуға, бірлескен ғылыми-зерттеу бағдарламаларын құруға және табиғатты қорғау технологиялары саласында стратегиялық серіктестікті дамытуға өзара мүдделі екендерін танытты. Экология, ауа сапасының мониторингі және су ресурстарын қорғау, соның ішінде суды тазарту технологияларын дамыту, өнеркәсіптік шығарындыларды азайту және экожүйелерді қалпына келтіру салаларында ынтымақтастық қарым-қатынас жасау туралы келісімге қол жеткізілді.
Бұл ынтымақтастық Қазақстандағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және Орталық Азияда тұрақты дамуды ілгерілетуде маңызды қадам боларына Сәтбаев университеті нық сенімді.