Ақпарат:

10 қараша 2025 569

Сәтбаев университеті мен Ташкент халықаралық Кимё университеті ынтымақтастықты жалғастыру туралы талқылады

Сәтбаев университеті мен Ташкент халықаралық Кимё университеті ынтымақтастықты жалғастыру туралы талқылады

Сәтбаев университетінде Өзбекстанның Ташкент халықаралық Кимё университеті делегациясымен кездесу өтті. Кездесу барысында екі жақ тараптар академиялық ынтымақтастықты дамыту және бірлескен білім беру бағдарламаларын кеңейту мәселелерін талқылады.

Өзбекстандық университет делегациясын ректор Акмал Аллакуллиев басқарып келді. Ал Сәтбаев университеті тарапынан келіссөздерді университет ректоры Мейрам Бегентаев жүргізді. Кездесуге сондай-ақ институт директорлары, бөлім басшылары мен екі жоғары оқу орнының халықаралық бөлімдерінің өкілдері қатысты.

Кездесудің негізгі тақырыбы – Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы академиялық байланыстарды нығайтудың келешегі болды. Қатысушылар бірлескен қос дипломды бағдарламаларды дамыту, цифрлық технологиялар, инженерия және білім беру инновациялары салаларындағы ғылыми жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Өзара студенттермен және оқытушылармен алмасуға, сондай-ақ бірлескен ғылыми зерттеулер мен жарияланымдық белсенділікті арттыруға ерекше назар аударылды.

Кездесудің ресми бөлімінен кейін қонақтар университеттің зертханалық кешенін аралап, MIT FabLab инновациялық кеңістігі мен Hyundai Motors оқу-өндірістік алаңымен танысты. Делегация сонымен қатар Сәтбаев университетінің инфрақұрылымымен танысып, онда дуальды оқыту және қолданбалы зерттеулер бағдарламаларының қалайша жүзеге асырылатынын көрді.

Кездесу ынтымақтастықты жалғастыру және инженерлік білім беру, цифрландыру мен академиялық мобильдік салаларда жаңа бастамалар әзірлеу туралы уағдаластықпен аяқталды. Екі жақ тараптар университеттер арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынасты одан әрі нығайтып, оларды аймақтың ғылыми-техникалық әлеуетін дамытуға ықпал ететін тұрақты және стратегиялық серіктестік етуге ниет білдірді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту