Ақпарат:

10 қазан 2025 99

Сәтбаев университеті – Орталық Азиядағы білім хабы: Қазақстан өңірдегі жоғары оқу орындарымен тәжірибе алмасуда

Сәтбаев университеті – Орталық Азиядағы білім хабы: Қазақстан өңірдегі жоғары оқу орындарымен тәжірибе алмасуда

Сәтбаев университетінде Өзбекстан Республикасы Қоқан мемлекеттік университетінің делегациясымен кездесу өтті. Кездесу қорытындысы бойынша екі жақ тараптар білім беру, ғылым және академиялық ұтқырлық саласы бойынша ынтымақтастық қарым-қатынас туралы меморандумға қол қойды.

Сәтбаев университетінің Халықаралық ынтымақтастық және стратегиялық даму жөніндегі бірінші проректоры Самғат Ермекбаев пен Қоқан мемлекеттік университетінің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Нигора Кадирова академиялық ұтқырлықты дамыту, бірлескен курстар мен оқытушылардың біліктілігін арттыруға арналған бағдарламаларды іске қосу туралы келісім жасады.

«Бүгінде Сәтбаев университеті Орталық Азиядағы білім беру және ғылым хабына айналуда. Біз осы өңірде инженерлік білімді бірге дамыту үшін өз біліміміз бен тәжірибемізді бөлісуге дайынбыз», – деп атап өтті Самғат Ермекбаев.

Өзбекстан тарапының өкілдері Сәтбаев университетінде біліктілікті арттыру бағдарламаларының ұйымдастырылу ісіне ерекше қызығушылық танытты, сондай-ақ жасанды интеллект, Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) саласындағы бағдарламалар мен сараптамаларды трансферлеу ісіне де қызығушылық білдірді.

Қоқан мемлекеттік университеті – Өзбекстанның тарихи және мәдени орталығы саналатын Ферғана жазығындағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі. Университет өкілдері Қазақстаннан баратын студенттерді оқуға және тәжірибеден өтуге қабылдау үшін дайын екенін білдірсе, Сәтбаев университеті өз кезегінде зертханаларын, технопарктер мен инновациялық экожүйелерін ұсынуға дайын екендерін жеткізді.

Екі университет өзара білім көпірлерін құрып, бірлескен зерттеулер жүргізуді, оқытушылар мен студенттердің кәсіби тұрғыда дамуына ықпал етуді көздеп отыр.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту