Ақпарат:

12 желтоқсан 2025 1587

Сәтбаев университетінде Досмұхамед Кішібековтің 100 жылдық мерейтойы атап өтілді

Сәтбаев университетінде Досмұхамед Кішібековтің 100 жылдық мерейтойы атап өтілді

Сәтбаев университетінде аса көрнекті философ, отандық ғылыми мектептің негізгі ойшылы және гуманитарлық ғылымдар зерттеушісі – Досмұхамед Кішібековтің 100 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараның модераторы – белгілі философ, ғылым докторы, профессор, қоғам қайраткері, елімізге еңбек сіңірген қызметкер, көптеген ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектердің авторы Ұлықпан Сыдыков болды.

Досмұхамед Кішібеков – қазақстандық гуманитарлық ғылымның ең беделді тұлғаларының бірі. Философия ғылымдарының докторы, профессор, академик, Ұлы Отан соғысының ардагері, оның ғылыми мұрасы өте бай: 600-ден астам ғылыми еңбек және 50-ден аса кітап пен монографиядан тұратын мол мұра қалдырды. Оның зерттеулері әлеуметтік философияны, көшпелі өркениеттің дүниетанымын, қоғамдық сананың даму заңдылықтарын және гуманитарлық ойдың жалпы мәселелерін қамтиды. Ғалымның еңбектері Қазақстанда да, одан тыс жерлерде де жоғары бағаланған.

Университетте аңыз тұлғаға айналған ғалымның ерен еңбегін еске алу үшін белгілі ғалымдар, ардагерлер және университеттегі «Ақсақалдар алқасы» ұйымының мүшелері жиналып, жылы-жылы естеліктерімен бөлісті, оның Қазақстандағы гуманитарлық ойдың дамуына қосқан орасан зор үлесін атап өтті және ғылыми сабақтастықты сақтаудың маңызы ерекше екенін атап өтті. Сәтбаев университетінің ректоры Мейрам Бегентаев жиылған қауымға бейнеқұттықтау жолдап, мерейтой иесінің тұлғалық ауқымы өте кең екенін атап өтті:

«Досмұхамед Кішібеков – өз халқының дүниетанымын жаһандық философиялық дәстүр аясында жаңа деңгейге көтере білген сирек ойшыл, – деді ректор. – Оның ғылыми мұрасы қазақ рухани мәдениетінің дамуында маңызды белеске айналды, ал бұл дата ұлттық философиялық мектептің қалыптасуы мен оның әлемдік гуманитарлық білімге қосқан үлесін еске салатын мәні зор оқиға болды».

Осы жиын барысында Ұлықпан Сыдыков пен Бақытжан Оразалиевтің Досмұхамед Кішібековтің өмірі мен шығармашылығына арналған «Зерделі ойдың зергері» атты жаңа кітабы көпшілікке таныстырылды. Автoрлар оның философиялық көзқарастарының эволюциясын және отандық ғылыми мектептердің дамуына тигізген ықпалын көрсетуге тырысыпты.

Жиынның тағы бір әсерлі сәті – белгілі домбырашы Біләл Ысқақовтың, университет түлегі, қазақстандық эстрада жұлдызы Еркін Маулен және «Құрмет» орденінің иегері Әділет Мусаның осы жиынға арнайы келуі. Олардың өнері философтың мұрасымен терең рухани байланыс атмосферасын орнатты.

Жылы әрі мағыналы түрде өткен бұл кездесу Сәтбаев университеті өз ғалымдарының талантын жоғары бағалайтынын, ғылыми дәстүрлердің негізін қалаушы ғалымдардың есімін құрметпен есте сақтап, оны келер ұрпаққа аманат етіп жеткізетінін тағы бір мәрте көрсетті. Белгілі ғалымдар мен университет негізін қалаушы тұлғалардың өміріндегі мерейтойлық даталарды оқу орны ерекше атап өтеді және сол ғалымдардың ғылыми жетістіктеріне арналған атаулы аудиторияларды ашады. Мұндай бастамалар университеттің тарихи жадын сақтау мен ұрпақтар сабақтастығын нығайтудың маңызды құралы болып табылады. Ұлы ғалымдардың тұлғалары жас зерттеушілерге шабыт беріп, қазақстандық ғылымның рухын күшейтеді деп университет ұжымы сенім білдіреді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту