Ақпарат:

4 сәуір 2025 1193

Сәтбаев университетінде ел Президентінің биылғы Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзіне арналған дөңгелек үстел өтті

Сәтбаев университетінде ел Президентінің биылғы Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзіне арналған дөңгелек үстел өтті

2025 жылғы 31 наурыз күні Сәтбаев университетінің «Қоғамдық ғылымдар» кафедрасы «Болашақтың техникалық мамандары: құзыреттер мен трендтер» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы жылғы наурыз айында Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында сөйлеген сөзі талқыланды.

2022 жылғы наурыз айындағы Жолдауды жүзеге асыру аясында жүргізілген қоғамдық-саяси реформаларды қорытындылай келе, Мемлекет басшысы ел экономикасының инновациялық дамуына толығырақ тоқтала келіп, былай деді:

«Менің ойымша, Қазақстанның кем дегенде төрт салада орасан зор мүмкіндігі бар, атап айтқанда, цифрландыру және жасанды интеллект, көлік тасымалы, энергетика, сонымен қатар агроөнеркәсіптік кешені саласында біз тек елімізді ғана қамтамасыз етіп қоймай, сондай-ақ тұтас өңірге де тіпті жаһандық ауқымда ықпал ете аламыз. Бұл тізімге адам капиталын да қосуға болады».

Дөңгелек үстелде Е.Түркебаев атындағы Жобаларды басқару институты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шындауыл Нұғманов, Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің «Әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының меңгерушісі Болат Қабдушев, Сәтбаев университетінің профессоры Досалы Салқынбек және аға оқытушы Ермахан Қалмырзаев сөз сөйледі.

Мемлекет басшысының сөзін талқылай келе, Сәтбаев университетінің ғалымдары болашақ техникалық мамандарды даярлаудың тенденциялары және ол үшін не істеу қажет екендігі туралы ой бөлісті.

Сарапшылар қазіргі жағдайда техникалық мамандарды даярлаудың негізгі құзыреттері кіші профильді білім ғана емес, сонымен қатар пәнаралық көзқарас, цифрлық дағдылар, сыни ойлау және шығармашылық қабілет болып табылатынын атап өтті.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша қатысушылар еңбек нарығының заманауи талаптарына сай болу үшін университеттер өндірістік серіктестермен тығыз байланыста жұмыс істеуі керек деген қорытындыға келді. Осы мақсатта Сәтбаев университеті жетекші технологиялық компаниялармен белсенді түрде ынтымақтастық қарым-қатынас жасап, студенттерге тағылымдамадан өтуге және нақты жұмыс жағдайында практикалық тәжірибе жинауға мүмкіндік беріп отыр.

Жиын соңында модератор, «Қоғамдық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Тұмабаев Тұрлыбек Сәлімұлы баяндамашыларға университет атынан алғыс айтып, естелік сыйлықтар табыс етті.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту