Ақпарат:

24 қараша 2025 460

Сәтбаев университетінде «Геофизика және сейсмология» кафедрасының 75 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Сәтбаев университетінде «Геофизика және сейсмология» кафедрасының 75 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Сәтбаев университетінде «Геофизика және сейсмология» кафедрасына 75 жыл: білім, ғылым және тағдыр» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға ғалымдардың, оқытушылар мен түлектердің бірнеше буыны жиналды. Жиынды проректор Ержан Көлдеев құттықтау сөзімен ашып, айтулы мерейтойдың маңыздылығын және университет пен түлектердің өзара ұстаздық байланысын ерекше атап өтті. «75 жыл – бұл үлкен уақыт. Осы жылдар ішінде кафедра еліміздің мақтанышына айналған алтын кадрларды даярлап шығарды. Университет — бәріміздің үйіміз. Сіздер қай жерде жүрсеңіздер де, қайда қызмет етсеңіздер де, туған үйді ұмытпай, әрдайым келіп, жетістіктеріңізбен бөлісіп тұрыңыздар», – деді ол қонақтарға.

Конференцияға жас зерттеушілер мен кафедра ардагерлері қатысып, өзара тәжірибе алмасты және Қазақстандағы геология-геофизикалық зерттеулердің қазіргі жай-күйі туралы талқылады. Қазақстандағы геология-геофизикалық зерттеулердің даму перспективаларына, сейсмикалық қауіптілікті бағалауға және инженерлердің жаңа буынын даярлаудың өзекті мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Бағдарлама аясында жиынға индустриялық серіктестер шақырылып, Research and Education Center for Geophysics and Drilling Technologies атты жаңа зертхананың ашылуы салтанатты түрде өтті. Бұл зертхана алдыңғы қатарлы ғылыми жобаларды жүзеге асыруға арналған платформа болмақ. Жиынға қатысушылар Геологиялық мұражайды және кампусты аралады, сөйтіп университеттің жаңартылған инфрақұрылымымен танысты. Конференция соңында GeoStrike ойыны бойынша студенттік сайыс өтті, оған Сәтбаев университетінің, ҚБТУ және Caspian University студенттерінен құралған командалар қатысты.

«Геофизика және сейсмология» кафедрасы – университеттің жетекші кафедраларының бірі. 1950 жылы құрылғаннан бері ол геофизика, тау-кен ісі, геология және Қазақстанның жер қойнауын барлау салаларына қажетті мамандар даярлайтын жетекші ғылыми-білім беру орталығы болып келеді. Кафедраны меңгеруші Боранбай Ратов басқарады.

Кафедраның мерейтойы жылы сезімге толы, отбасылық-достық атмосферада өтіп, Сәтбаев университетіндегі ғылыми мектептер сабақтастығын және оқу орнының басты байлығы – қазақстандық геофизика тарихын жасап, оны дәстүрлі түрде жалғастырып жүрген асыл жандар екенін тағы бір рет көрсетті.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту