Ақпарат:

3 желтоқсан 2025 176

Сәтбаев университетінде ұсақ құқықбұзушылықтарға арналған «Заң және тәртіп» атты дәріс өтті

Сәтбаев университетінде ұсақ құқықбұзушылықтарға арналған «Заң және тәртіп» атты дәріс өтті

Сәтбаев университетінде «Заң және тәртіп» тақырыбына арналған профилактикалық дәріс өтті, оны учаскелік полиция инспекторы Данияр Азикен оқыды.

Студенттерге жастар жиі тап болатын әкімшілік немесе тіпті қылмыстық жауапкершілікке әкелетін ең көп таралған құқықбұзушылықтар туралы түсіндірілді. Кездесудің мақсаты — жастарды қорқыту емес, керісінше, күнделікті, бір қарағанда қауіпсіз көрінетін әрекеттердің шынайы салдарын түсіндіру және олардың алдын алу екенін лектор атап өтті.

Әсіресе әдепсіз сөйлеуге, темекі шегуге және қоғамдық тәртіпті бұзу қылықтарына ерекше назар аударылды. ҚР ӘҚБтК-не сәйкес, мұндай әрекеттер ұсақ бұзақылық болып саналады, кейде тіпті айыппұл төлеуге немесе әкімшілік қамауға әкелуі мүмкін. Оқу орындарының аумағында, подъездерде, аялдамаларда және адамдар көп жиналатын орындарда темекі шегуге тыйым салынатыны, ал құқықбұзушылық фактілері дереу тіркеліп, басшылыққа жолданатыны туралы да атап өтілді.

Студенттерге сондай-ақ «дропперлік» істің – банк карталары арқылы «жеңіл табыс» ұсынатын алаяқтық әрекеттерің тәуекелдері туралы да ескертілді. Мұндай әрекеттер көбінесе интернет-алаяқтықпен байланысты болатынын, қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін және болашақта жұмысқа орналасуға немесе шетелге шығуда күрделі қиындықтар туғызатынын инспектор терең түсіндірді.

Заңның мақсаты — жазалау емес, азаматтарды қорғау екенін, ал жеке жауапкершілік пен айналаға деген құрмет жастардың келешектегі мүмкіндіктерін қалыптастыратынын есте сақтау керек екенін дәріс соңында Данияр Азикен студенттерге тағы бір рет түсіндірді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту