Ақпарат:

10 маусым 2025 250

Сәтбаев университетінде жасанды интеллект тақырыбында студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Сәтбаев университетінде жасанды интеллект тақырыбында студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

2025 жылы 11 сәуірде Сәтбаев Университетінде Satbayev International Conference 2025 – “Инженерлік және өндірістік жүйелердегі жасанды интеллект: үдерістерді оңтайландыру мен автоматтандыруға арналған шешімдер” атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция аясында Шет тілдер кафедрасы “Техникалық мамандық студенттерінің шет тілдерін оқуда жасанды интеллект қолдануы” тақырыбында секциялық жұмыс ұйымдастырды.

Мичиган университетінің профессорлары Д. Хартман мен С. Коглан және 1-курс студенттері тарапынан 32 баяндама ұсынылды. Баяндамалар жасанды интеллект және оның болашақ инженерлер үшін ағылшын тілін үйренуде рөлі жайлы әртүрлі тақырыптарды қамтыды. Секция отырысына қатысқан шетелдік профессор Саманта Коглан студенттердің ізденіс жұмыстары мен жалпы тілдік  деңгейлерін атап өтті. Кафедра барлық  қатысушыларға сертификаттар мен естелік сыйлықтар табыстады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту