Ақпарат:

5 мамыр 2026 227

Сәтбаев университетінің Әскери іс институтында әскери ант қабылдау рәсімі салтанатты түрде өтті

Сәтбаев университетінің Әскери іс институтында әскери ант қабылдау рәсімі салтанатты түрде өтті

Отан қорғаушылар күні қарсаңында Сәтбаев университетінің Әскери іс институтында студенттердің әскери ант қабылдауына арналған салтанатты рәсім өтті. Биыл 900 білім алушы ант қабылдап, запастағы сержант және офицер шенін алды. Іс-шара салтанатты жағдайда өтіп, оған университет басшылығы, ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілдері, Қарулы Күштер ардагерлері мен студенттердің ата-аналары қатысты.

Студенттер үшін бұл салтанатты рәсім жай ғана жиын емес, олардың өміріндегі ең маңызды қадам, әрі жеке жауапкершіліктің, абырой мен Отанға адалдықтың символына айналды. Жас отан қорғаушылар өз елінің мүддесін қорғауға және өмір бойы әскери борышына адал болуға ант берді.

«Бүгін мен мұнда жай ғана студент ретінде емес, өз елімнің азаматы ретінде тұрмын, – деді салтанатты рәсімде сөз сөйлеген студент Әлібек Сансызбай. – Біз ерлік туралы, абырой мен Отанға деген сүйіспеншілік туралы әңгімелерді тыңдап өстік. Ал бүгін сол сөздердің мәнін шынайы сезініп тұрмыз. Біз шын жүректен ант етеміз және осы жолды абыроймен жүріп өтеміз!».

Қонақтар студенттердің дайындық деңгейі жоғары екенін атап өтіп, әрбір отбасы үшін бұл күннің ерекше маңызы бар екенін жеткізді. Қонақтардың арасында белгілі қазақстандық спортшы, боксшы Ангелина Лукас болды, оның бауыры да бүгін әскери ант қабылдады. Ол өз сөзінде ішкі рухани күш пен таңдап алынған жолға адал болу өте маңызды екенін атап өтті:

«Спорт маған бір нәрсені ерекше үйретті – адамның мінез-құлқы бәрін шешеді екен. Нағыз ер азамат, нағыз офицер берген уәдесінде тұрып, әрқашан рухы мықты болуы керек, өз мемлекетіне әрдайым адал болуы керек, – деді спортшы. – Қай жерде жүрсеңіздер де, Отан біздің әрқайсымыздан басталатынын ешқашан ұмытпаңыздар».

Салтанатты жиыннан кейін дәстүр бойынша қонақтарды Әскери іс институтының қызметімен және әскери кафедрада студенттердің қалай білім алатынымен таныстыратын бағдарлама ұйымдастырылды. Бағдарлама барысында қонақтар қоян-қолтық ұрыс бойынша көрсетілімдерді, 82 мм 2Б14 «Поднос» минометін қолданудың тактикасын, барабаншылар взводының өнері мен заманауи дрон-шоу тамашалады. Салтанатты рәсімнің соңында студенттерден құралған хор «Қазақ армиясы» саптық әнін орындады және қатысушыларға дәстүрлі «солдат ботқасы» таратылды.

Жас қорғаушыларға деген зор мақтаныш, бірлік пен салтанат атмосферасы іс-шараға қатысушылар мен қонақтардың есінде ұзақ сақталары сөзсіз. Бұл рәсім студенттердің өмірінде жаңа кезеңнің басталуын білдіріп қана қоймай, ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, абырой мен борыш және Отанға адал қызмет етудің маңызды екенін тағы бір мәрте еске салды.

Сәтбаев университетінің Әскери іс институтында әскери ант қабылдау рәсімі салтанатты түрде өтті

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту