Ақпарат:

8 желтоқсан 2025 1404

Сәтбаев университетінің студенттері «Плюс один» қорының өкілдерімен кездесті

Сәтбаев университетінің студенттері «Плюс один» қорының өкілдерімен кездесті

Сәтбаев университетінде Жобаларды басқару институтының ұйымдастыруымен Волонтер күніне арналған студенттік кездесу өтті. Осы кездесу аясында «Плюс один» қоры мен Сәтбаев университетінің Жобаларды басқару институты арасында волонтерлік жобаларды дамытуға және білім беру бастамаларын қолдауға бағытталған өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Кездесу барысында «+1» қайырымдылық қорының төрайымы Динара Шажимбаева студенттерді қордың қызметімен таныстырып, жастарды әлеуметтік бастамаларға тартудың жаңа мүмкіндіктері туралы айтты. Студенттер қор бағдарламасына қалай қатысып, ауылдық жерлердегі балаларға техника мен қосымша білім алуға қалайша көмектесуге болатыны туралы білді. Қатысушылар бірлескен акциялардың перспективалары туралы талқылап, әлеуметтік мәселелерді шешуге жастардың қатысуы өте маңызды екенін атап өтті.

– Біздің қор техниканы жай ғана сыйлап қоймайды – біз балаларға мүмкіндік сыйлаймыз. Бір ескі ноутбук, бір ғана қарапайым игі іс кішкентай көбелектің қанат қағысына айналып, біреудің өмірін өзгерте алуы мүмкін. Егер әрбір адам өз үлесін қосса, біз жайлы досына айтып берсе немесе тек репост жасаса – дәл сол арқылы көмек ауылдағы балаға жетеді. Міне, сол бала білім алуға және жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізіп, ертең Қазақстанды алға бастайтын табысты маман болып шығуы мүмкін. Біздің көзқарасымыз қарапайым: +1 ноутбук – бұл +1 табысты бала. Үлкен өзгерістер дәл осылай басталатынына деп сенеміз, – деді Динара.

Сәтбаев университеті студенттерінің волонтерлік жобаларға қатысуы олардың азаматтық белсенділігін арттырып, әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге үлес қосуға, сондай-ақ өңірлердегі балалардың білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған бастамаларды қолдауға мүмкіндік береді. Университеттің әлеуметтік миссиясын нығайтуға және қоғамның дамуына, осылайша оң өзгерістерге үлес қосу үшін, волонтерлік қозғалысқа қосылыңыздар!

Plus1elonmask.kz

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту