Ақпарат:

25 сәуір 2025 132

Сәтбаев университетінің Цифрлық техника және технологиялар институты Гарвардта жасанды интеллект түсінігін кеңейтуде

Сәтбаев университетінің Цифрлық техника және технологиялар институты Гарвардта жасанды интеллект түсінігін кеңейтуде

Сәтбаев университеті жанындағы Цифрлық техника және технологиялар институтының big data және машиналық интеллект мамандары 23 сәуір күні Гарвард университетінде «Жасанды интеллекті ұлттық және жаһандық басқару: АҚШ пен Қазақстанның көзқарасы» тақырыбында өткен халықаралық дөңгелек үстелге қатысты. Осы іс-шара аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Davis Center for Russian and Eurasian Studies зерттеулер орталығы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Дөңгелек үстелді Гарвард университетінің халықаралық істер жөніндегі вице-президенті, профессор Марк К.Эллиотт пен ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ашып, жасанды интеллекттің АҚШ пен Қазақстандағы болашағы туралы өз көзқарастарымен бөлісті.

Жасанды интеллекті басқару соңғы жылдары жаһандық күн тәртібінде алдыңғы қатарға көтеріліп отыр. Саясаткерлер, инженерлер мен ғалымдар да ЖИ қазіргі әлемде өмірдің барлық аспектілеріне – экономикалық дамудан бастап, жаһандық қауіпсіздікке дейін орасан зор әсер етіп отырғанын мойындайды. Бұл тұрғыда қазір бүкіл елдер арасында диалог жүргізу ерекше маңызды болып отыр.

Осы жолдағы қадамдардың бірі ретінде жақында өткен дөңгелек үстелді атауға болады, оған АҚШ пен Қазақстанның жетекші сарапшылары өзара білім алмасуға және ЖИ мәселелері жөнінде бірлескен тәсілдер әзірлеу үшін жиналды. Сәтбаев университеті атынан профессор Рысхан Сатыбалдиева баяндама жасады, қазіргі уақытта ол АҚШ-та ғылыми зерттеулер жүргізіп жатыр. Өз сөзінде профессор жасанды интеллект негізіндегі құралдар арқылы мүмкін болатын академиялық жетістіктердің жаңа көкжиектері туралы айтты.

Дөңгелек үстелді Сәтбаев университетінің Цифрлық техника және технологиялар институты Нархоз университетімен бірлесіп ұйымдастырды, ал ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Гарвард университетінің Дэвис атындағы орыс және еуразиялық зерттеулер орталығы оларға қолдау көрсетті. Диалогқа Дэвис орталығының директоры Ив Блау, Дэвис орталығының Орталық Азия бойынша бағдарламасының аға ғылыми қызметкері Наргис Қасенова, Бостон университетінің Ақпараттық жүйелер және киберқауіпсіздік факультетінің деканы Таня Златева, Сәтбаев университетінің Цифрлық техника және технологиялар институты Директорлар кеңесінің төрағасы Асқар Ахметов, Нархоз университеті Заң және мемлекеттік басқару мектебінің профессоры Медеу Құрманғали, сондай-ақ Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының ректорлары қатысты.

Жиын БҰҰ-ның болашақ саммиті және Жаһандық цифрлық келісім секілді жаһандық бастамаларға сәйкес өткізіліп, ең өзекті мәселелерді талқылау алаңына айналды, атап айтқанда: білім беру мен ғылымда жасанды интеллекттің рөлі, сондай-ақ оның халықаралық қатынастар мен ұлттық стратегияларға әсері туралы пікірталастар.

Дөңгелек үстел туралы толығырақ ақпарат Гарвард университетінің сайтында

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту