Satbayev University-де ағылшын тілі бойынша жыл сайынғы олимпиада өз мәресіне жетті
Satbayev University-де Шетел тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен дәстүрлі университетішілік ағылшын тілі олимпиадасы өтті. Олимпиадаға қатысқан студенттер тыңдалым, оқылым, жазылым және айтылым бойынша өз дағдыларын көрсетіп, тілді меңгеру деңгейін әртүрлі форматтарда танытты.
Екі кезеңнің қорытындысы бойынша қазылар алқасы ең жоғары коммуникативтік қабілеттерін танытқан қатысушыларды анықтады. Абсолютті жеңімпаз Архитектура және құрылыс институтының 1-курс студенті Балнұр Бердіхан болды. Жүлдегерлер қатарында (2 және 3 орын) Виктор Кигай, Құралай Сағындық, Набий Жанадулла және Мұхаммед Жұматаев бар. Жүлдегерлер көктемде өтетін Алматы техникалық университеттері арасындағы ағылшын тілі бойынша межвузовалық олимпиадада Satbayev University-дің атынан қатысу құқығына ие болды.



