Ақпарат:

29 желтоқсан 2025 1282

Satbayev University-дің 10 оқытушысы «Болашақ» бағдарламасының ғылыми тағылымдамасы бойынша стипендия иегері атанды

Satbayev University-дің 10 оқытушысы «Болашақ» бағдарламасының ғылыми тағылымдамасы бойынша стипендия иегері атанды

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі Республикалық комиссияның шешімімен 182 ғылыми қызметкер «Болашақ» халықаралық стипендиясының ғылыми тағылымдама бағдарламасы бойынша иегері атанды. Олардың қатарында Satbayev University-дің профессорлары мен оқытушылары бар:

  1. Бергалиева Салтанат Амангельдиновна — қауымдастырылған профессор
  2. Байсалова Акмарал Омархановна — «Геология» кафедрасының меңгерушісі
  3. Ергешқызы Гүльназ — қауымдастырылған профессор
  4. Темирхановна Раушан Галимжановна — қауымдастырылған профессор
  5. Қалымбет Арайлым Қайролдақызы — аға оқытушы
  6. Әбу Әсілхан Зайраханұлы — аға оқытушы
  7. Базарбай Айдана Мұратқызы — оқытушы
  8. Кабдуллин Азат — оқытушы
  9. Кабдуллин Максат — оқытушы
  10. Акказина Назым Токтархановна — оқытушы

Satbayev University оқытушылары 2026 жылы әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында, атап айтқанда Pennsylvania State University (АҚШ), City University of Hong Kong (Гонконг) және University of California, Davis (АҚШ) университеттерінде ғылыми тағылымдамадан өтеді.

Еске сала кетейік, 2024 жылы Satbayev University-дің 9 профессоры Penn State (АҚШ) университетінде ғылыми тағылымдаманы сәтті аяқтады, ал 2025 жылдың қыркүйек айында QS рейтингі бойынша әлемнің үздік университеттері арасында 82-орын алатын осы оқу орнында тағы 10 оқытушы тағылымдамадан өте бастады.

Satbayev University әріптестерін шын жүректен құттықтайды және ғылыми тағылымдаманың сәтті өтуіне тілектестік білдіреді. Алынған білім мен тәжірибе Қазақстан ғылымының дамуына елеулі үлес қосады деп сенеміз.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту