Satbayev University командасы Cisco Networking Academy 2025 өңірлік байқауында 2-орын иеленді

Satbayev University-дің “Ehsanius Maximus” командасы Cisco Networking Academy (Таяу Шығыс, Африка және ТМД елдері аймағы) ұйымдастырған 2025 жылғы Capture the Flag өңірлік байқауында екінші орын иеленді.
Команда құрамында «Киберқауіпсіздік» мамандығының 2-курс студенттері Бехниа Эхсан Абдолхалеқ пен Сүндет Томирис Айбарқызы болды. Команданың ғылыми жетекшісі – Динара Қожамжарова, Автоматика және ақпараттық технологиялар институтының, Киберқауіпсіздік, ақпаратты өңдеу және сақтау кафедрасының (КОХИ) өкілі.
Бұл жеңіс – студенттердің қажырлы еңбегі мен жоғары дайындық деңгейінің, сондай-ақ тиімді тәлімгерліктің нәтижесі. Команда ақпараттық қауіпсіздік саласындағы күрделі тапсырмаларды сәтті орындап, жоғары деңгейдегі талдау қабілеттері мен бірлескен жұмыс дағдыларын көрсетті.
Команданы және олардың тәлімгерін шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да үлкен жетістіктер тілейміз!