Шахмардан Есенов атындағы қор YDL жазғы бағдарламасына өтінім қабылдауды бастады
Yessenov Data Lab жазғы мектебі – қазақстандық жас ғалымдар мен мамандарды үлкен деректерді талдауға үйретуге арналған 4 апталық жаздық интенсивті оқу. Бағдарлама 20 қатысушыға арналған, ол 2026 жылғы 17 маусым мен 13 шілде аралығында Алматы қаласында өтеді. Қатысушыларға Yessenov Data Lab мектебінің сертификаттары, сондай-ақ AlmaU университетінің академиялық транскрипті беріледі, бұл құжат Болон процесінің халықаралық білім беру стандарттарына толық сәйкес келеді.
Мектеп бағдарламасы Python және чат-боттар меңгеруді, машиналық оқыту, үлкен тілдік модельдерді және компьютерлік көру бағыттарын оқытуды қамтиды. Биыл біз бір аптаны толықтай жасанды интеллект агенттерін әзірлеуге арнадық, онда мықты лекторлар – жергілікті деңгейдегі жетекші профессорлар мен сарапшылар, сондай-ақ шақырылған халықаралық спикерлер – осының бәрін үйретеді.
Бағдарламаға Қазақстан Республикасының 18 жастан асқан азаматтары, бакалавриат, магистратура, докторантура студенттері, сондай-ақ техникалық және жаратылыстану бағыттарында жұмыс істейтін мамандар қатыса алады. Қор басқа қалалардан келген жеңімпаздардың жол ақысы мен тұру шығындарын толық өтейді. Мектепке келген барлық тыңдаушылар тамақпен қамтамасыз етіледі.
Мектептің бағдарламасы:
- 2 апта онлайн — 2026 жылғы 15 маусымнан 26 шілдеге дейін;
- 2 апта офлайн — Алматы қаласында 2026 жылғы 29 маусымнан 10 шілдеге дейін.
Оқу барысында сіз:
- Нейрожелілердің қалай жұмыс істейтінін нақты түрде түсінетін боласыз;
- LLM-ді (үлкен тілдік модельдерді) «сиқыр» деп қабылдауды тоқтатасыз;
- Командада жұмыс істеу тәжірибесін жинақтайсыз;
- Кәсіби байланыстарыңызды кеңейтіп, сарапшылармен танысасыз.
Бағдарлама, ереже және өтінім беру. Өтінім қабылдау мерзімі — 28 сәуірге дейін.



