Ақпарат:

20 мамыр 2025 1438

Тұрақты даму дәуірінде инженерлік пәндерді оқытуды қалай қайта ойластыруға болады?

Тұрақты даму дәуірінде инженерлік пәндерді оқытуды қалай қайта ойластыруға болады?

2025 жылғы сәуір айында Satbayev University зерттеу тобы "SEEd: Sustainable Engineering Education" атты зерттеу воркшопын өткізді. Іс-шара «Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру контекстінде инженерлік білім берудің ұлттық моделін жасау» жобасы аясында ұйымдастырылды. Жобаның үйлестірушісі — Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті.

Воркшоп қазіргі заманғы білім беру технологияларын инженерлік білім беру жүйесіне, әсіресе техникалық жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамын даярлау бағытына енгізуге байланысты әдістемелік және мазмұндық шешімдерді сынақтан өткізу алаңы ретінде ұйымдастырылды.

Қатысушылар құрамына ҚазҰТЗУ-дың инженерлік бағыттардағы профессорлары, қауымдастырылған профессорлары және аға оқытушылары кірді.

Воркшоптың бағдарламасы екі тақырыптық блоктан тұрды. Бірінші блок: «Педагогикалық дизайн – оқытуды жобалау бойынша білім беру технологиясы ретінде». Бұл бөлімде инженерлік курстарды заманауи педагогикалық жобалау тәсілдеріне сүйене отырып құрылымдаудың принциптері мен құралдары талқыланды. Оқу нәтижелеріне негізделген модульдер құрастыру, практикалық тапсырмаларды, CDIO элементтерін және қалыптастырушы бағалауды енгізу жолдары қарастырылды. Қатысушылар индустрия сұраныстарына бейімделген курстар бойынша тәжірибе алмасып, дәстүрлі лекция форматынан мақсатқа бағытталған педагогикалық дизайнға көшу мәселелерін талқылады.

Екінші блок:  «Edutainment: студенттерді интерактивті түрде қалай оқытуға болады?» Бұл бөлімде цифрлық жүктеме мен алаңдатушы факторлар көп заманда студенттердің мотивациясы мен зейінін арттыру мәселелері қарастырылды. Эмоционалдық тарту, саналы қатысу, сторителлинг, ойын элементтері және визуализацияға негізделген оқыту әдістері ұсынылды. Аталған құралдардың инженерлік пәндерге тереңірек, әрекетке негізделген меңгеру үшін қалай тиімді енгізуге болатынына ерекше назар аударылды.

Воркшоп нәтижелері: Педагогикалық дизайн мен Edutainment тақырыптарының инженерлік білім беруде жоғары практикалық маңыздылығы расталды; Оқытушылар тарапынан ұсынылған әдістерді нақты курстарға енгізу бойынша кеңейтілген кері байланыс жиналды; Болашақ біліктілікті арттыру бағдарламалары аясында әдістерді жетілдіру және масштабтау бойынша ұсыныстар тіркелді; Профессорлық-оқытушылық құраммен интерактивті форматтарға көшуге дайындық және институционалдық ресурстар мәселелері бойынша сараптамалық талқылау өткізілді.

Воркшоп нәтижелері жобаның қорытынды аналитикалық материалдарына енгізіледі және жобаның келесі кезеңдерінде оқу-әдістемелік бағдарламалар мен бағалау құралдарын әзірлеуде қолданылады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту