Ақпарат:

16 қаңтар 2026 133

Қазақстандық жаңартылатын энергетика технологияларын тек ірі кәсіпорындар ғана қолданып қоймайды

Қазақстандық жаңартылатын энергетика технологияларын тек ірі кәсіпорындар ғана қолданып қоймайды

Сәтбаев университетінің Физика-техникалық ғылыми-зерттеу институты күн панельдерін өндіру жөніндегі тәжірибелік-өнеркәсіптік желінің жұмыс қорытындыларын шығарды. Қуаты жылына 150 мегаватт болатын модуль өндіруге бағытталған «ТехноГруппСервис» компаниясымен бірлесіп ұйымдастырылған бұл өндіріс орны өткен жыл ішінде жаңартылатын энергия көздері мен Қазақстанның технологиялық тәуелсіздігі саласындағы негізгі жобалардың біріне айналды.

Институт жұмысының арқасында қазақстандықтар елімізде өндірілген заманауи күн панельдерін пайдалану мүмкіндігіне ие болып отыр. Бұл панельдер жоғары тиімділігімен, энергия өндірудің тұрақтылығымен және Қазақстанның климаттық жағдайларында ұзақ қызмет ету мерзімімен ерекшеленеді. Қазірдің өзінде мұндай панельдерді Қазақстандағы зауыттар қолданып келеді, алайда оларды тек кәсіпорындар мен инфрақұрылымдық нысандарда ғана емес, сонымен қатар жеке тұрғын үйлерде де қолдануға болады – оның бағасы қолжетімді, қуаттылығы жоғары, жұмысы тұрақты және ұзақ мерзімді.

Физика-техникалық институт Қазақстанда тұңғыш рет гетероөтпелі фотоэлементтер саласы бойынша әзірлемелер жасап, осы бағытта жұмыс істей бастады. Бұл технологияның жұмысы кванттық физика мен заманауи нанотехнологиялардың жетістіктеріне негізделген. Ғалымдар жиырма жыл бойы неміс және ресейлік өндірушілердің тәжірибесін меңгеріп, Қазақстанда Tunnel Oxide Passivated Contact (TopCon) және Heterojunction Technology (HIT) технологиялары бойынша күн панельдерін алғаш өндірушілердің біріне айналды. Бұл – күн элементтерінің тиімділігін арттыруға бағытталған инновациялық тәсіл болып табылады.

Күн элементтерін әзірлеушілер, атап айтқанда, осындай панельдер жасалатын негізгі құрамдас бөліктерді өндірушілер, осы қол жеткізген нәтижелермен шектеліп қалмайтындарын атап өтті:

«Біз – ғалымдармыз, әрі бұл элементтер неғұрлым сенімді болып, қазақстандық тұтынушылардың талаптарына сай болуы үшін, біз үнемі жұмыс істеп келеміз, – деді жоба жетекшісі, ғалым Николай Чучвага. – Сонымен қатар біз күн элементтеріне арналған перовскиттік технологиялармен және ванадийлі батареялармен де жұмыс істейміз. Бұл – жаңартылатын энергия көздеріне қарай бағытталған ортақ қозғалыс», – деп атап өтті ол.

Жоба ішкі нарықтың қажеттіліктеріне және күн сәулесінің түсу деңгейі жоғары аймақтарға бағытталған. Жергілікті өндіріс компоненттердің импортына тәуелділікті азайтып, жоғары технологиялы өнімнің ұлттық брендін нығайтуға ықпал етеді. Әсіресе панельдерді Қазақстанның климаттық жағдайына бейімдеуге, олардың ұзақ қызмет ету мерзіміне және энергия тиімділігіне ерекше көңіл бөлінеді.

Институт ұжымы өткен жылдың нәтижелерін алдағы жылдан күтетін нәтижелермен байланыстыра отырып, күн энергетикасы тұрақты дамудың және болашаққа деген сенімнің символына айналып келе жатқанын ерекше атап өтуде. Ал нанотехнологиялар мен озық инженерлік шешімдер адам игілігі үшін жұмыс істейтін, энергетикалық қауіпсіздікті арттыратын және ел экономикасы үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын практикалық жобалар бойынша жүзеге асуда. Сәтбаев университетінің ғалымдары мен инженерлері алдағы уақытта да Қазақстанның ғылыми әлеуетін нығайтуға және жаңартылатын энергия көздерін қоғам мен тұрақты болашағы үшін қолдану аясын кеңейтуге өз үлесін қоса береді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту